№106 "Ердәулет"

Балабақшаның сипаттамасы,ондағы бос орындар мен кезек көлемі туралы ақпаратпен танысыңыз.Осы балабақшадан орын алу үшін кезекке тұруға өтініш беріңіз.
Фото садика
Фото 0
Фото 1
Фото 2
Фото 3
Фото 4
Фото 5
Фото 6
Атауы:

№106 "Ердәулет"

Тәрбие беру тілі:
Қазақ, Орыс
Тип:
Мемлекеттік
Базалық құны,айына:
2-ден 3 жасқа дейін күніне - 331,06 тг, 3-тен 7 жасқа дейін күніне - 398,78 тг
Жұмыс тәртібі:
8:00 - 18:30
Кезекші топ:
Болмайды
Қосымша жабдықтау:
Жазғы бассейн, табиғат бұрышы, Монтессори кабинеті, қазіргі заманғы қауіпсіздік жүйесі
Телефон:
+7 7252 32-17-26; +77758881607
Web-сайт:
akymova@list.ru
Мекен-жай:
Шымкент қаласы, 18 мөлтек ауданы 79 А үй
Бос орындар
Жас ерекшелігі бойынша топтар
2 жастан 3 жасқа дейін
бос орындар: 0
- оның ішінде Қазақ: 0
- оның ішінде Орыс: 0

кезекте: 30
- оның ішінде Кезектегілер: 29
- оның ішінде Жеңілдік алатындар: 1

жинақтауышта: 165
- оның ішінде жолдама мерзімін өткізіп жібергендер: 13
- оның ішінде қабылдануға жасы жетпегендер: 152

Жас ерекшелігі бойынша топтар
3 жастан 4 жасқа дейін
бос орындар: 7
- оның ішінде Қазақ: 7
- оның ішінде Орыс: 0

кезекте: 0
- оның ішінде Кезектегілер: 0
- оның ішінде Жеңілдік алатындар: 0

жинақтауышта: 9
- оның ішінде жолдама мерзімін өткізіп жібергендер: 8
- оның ішінде қабылдануға жасы жетпегендер: 1

Жас ерекшелігі бойынша топтар
4 жастан 5 жасқа дейін
бос орындар: 10
- оның ішінде Қазақ: 10
- оның ішінде Орыс: 0

кезекте: 0
- оның ішінде Кезектегілер: 0
- оның ішінде Жеңілдік алатындар: 0

жинақтауышта: 11
- оның ішінде жолдама мерзімін өткізіп жібергендер: 11
- оның ішінде қабылдануға жасы жетпегендер: 0

Жас ерекшелігі бойынша топтар
5 жастан 6 жасқа дейін
бос орындар: 27
- оның ішінде Қазақ: 10
- оның ішінде Орыс: 17

кезекте: 0
- оның ішінде Кезектегілер: 0
- оның ішінде Жеңілдік алатындар: 0

жинақтауышта: 76
- оның ішінде жолдама мерзімін өткізіп жібергендер: 11
- оның ішінде қабылдануға жасы жетпегендер: 65

  • Басшының өтініші
  • Балалар тобы
Гульмира Абдрамановна Карибозова
қызмет:
меңгерушісі
жасы:
46 жыл
санаты:
Жоғары
мектепке дейінгі тәрбие бойынша жалпы еңбек өтілі:
23 жыл
басшының жалпы еңбек өтілі:
5 жыл

МКҚК №106 «Ердәулет» бөбекжай балабақшасының отыз жылға жуық, өзіне лайық тарихы бар. 1984 жылы «Красная шапочка» атыменен типтік деңгейде  ашылған. Шымкент қаласы әкімдігінің 2006 жылы №12 қаулысы негізінде «Красная шапочка» бөбекжай балабақшасы МКҚК №106 «Ердәулет» бөбекжай балабақшасы болып аталды. Балабақшаның жобалық қуаттылығы 230 балаға арналған.

         Жалпы балабақшада 12 топ жұмыс істейді

         Ересек тобы-4 қазақ ,2 орыс тобы.

         Ортаңғы топ- 3 қазақ тобы.

         Екінші кіші топ- 2 қазақ тобы.

         Бірінші кіші топ- 1 қазақ тобы

          Балабақшада балалар мемлекеттік  тілде және орыс , ағылшын тілдерінде стандартқа сай дәріс алады. Балаларға тәлім тәрбие беру жолында жалпы 37 педагог оның ішінде 16,2 % жоғары санатта , 32,4 % І-санатта, 27% ІІ-санатта, 24%   санаты жоқ яғни жас мамандар жұмыс атқаруда.  100% үздіксіз білім жетілдіру институтында 2012-2013 оқу жылында  өз біліктілігін  арттыру мақсатында курстан өтткен.

         Ақын ағамыз Мағжан Жұмабаев : «Бала бір нәрсеге ұмтылса , сол нәрсеге баланың денесі, жаны , ақылы , сезімі, қайраты-бәрі бірдей жұмсалады»- дегендей, балабақшада алған баланың әсері оның алдағы уақытта адамгершілігі мол азамат болып қалыптасуының негізгі тұтқасы болмақ.

         Мектепке дейінгі мекеме педагогтары қазіргі заманғы білім беру жүйесінде инновациялық үрдістерге тартылған, ол мектепке дейінгі білім беру мазмұнын өзгертуге, жаңартуға , оны жүзеге асыруға қатысты. Қазіргі білім беру жүйесі мектепке дейінгі мекеме педагогтарынан білім сапасын арттыруды, әр баланың тұлғалық дамуына жағдай жасауын талап етеді. Мекеменің білім беру тәжірибесі педагогикалық жаңалықтар мен инновацияларды игерумен , енгізу және жетілдірумен ерекшеленеді. Басқару мақсаты – педагогтарға инновациялық қызметке жан-жақты көмек корсету .  Осыған орай балабақшамызда педагог қызметкерлер қазіргі заманда жаңаша ойлайтын тұлғаларды дайындау, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру әлеуметтік құрылымның ең маңызды міндеттерінің біріне айналды. Менің  басқарып отырған ұжымда  өзімнен бастап әдіскер, педагог – психолог және 11 тәрбиеші «Мектепке дейінгі білімдегі жаңа технологиялар орталығында 3 жас пен 6 жасқа дейінгі балаларға арналған Монтессори - педагогика» тақырыбында   курстан өттік.Бөбекжай балабақшамызда М.Монтесорри педагогикасы бойынша жұмыс жүргізілуде.

         Бұл әдістің мақсаты – балалардың табиғи мінезін, қабілетін тәрбиешінің нұсқауымен емес, өз еркімен тәуелсіздік рухында тәрбиелеу. «Өзімнің жасауыма мүмкіндік бер» дейді мұндағы бала. Балаларға дауыстап сөйлеу бұл әдісте мүлдем жоқ. Ұйымдастырушысы балаларға әр сала жайлы қызықтыра мағлұмат береді. Балалардың жас ерекшеліктері әр түрлі, 3 пен 6 жас бірге өз қалауларымен жұмыс жасайды. Бұл жастың қабілетін ашуға, үлкеннің кішіге мейірім, қамқорлығын сезінуге мүмкіндік берері сөзсіз. Қай  салада жұмыс жасау бала қалауында: зертханада, жаратылыстану, аспан әлемі, асхана, қолөнер, бейнелеу, суменде. Еркін жұмыс жасау барысында жетістігін өзі көріп, қатесін де өзі жөндеуі – ішкі дүниесін тәртіпке баулып, жеке адамгершілік қасиеттерін дамытады деп ойлаймын. Пайдаланған заттардың ең басында қалай тұрғанын бақылаған бала жұмыс аяғында тап солай жинастырып, тазартып қояды.Баланы еңбекке, ұқыптылыққа, өзін – өзі тәрбиелеуге өз бетінше дамуға жағдай жасалған.

           Қазіргі таңда балабақшамызда Монтессори технологиясына көптеп көңіл бөлініп, арнайы бөлме жабдықталып жасақталған;  шынайы өмір жаттығулар аймағы, сенсорлық даму аймағы және тіл дамыту аймағы және әр топта монтессори бұрышы бар. Монтессори технологиясын қолдану арқылы балалардың қол моторикасын дамытып, өз беттерінше жұмыстар атқарып, қиыншылықтарды жеңе білуге, еркін ойлауға тәрбиелейміз. Кез келген оқыту технологиясы тәрбиешіден терең теориялық психологиялық, педагогикалық шеберлікті, бала дүние танымын терең танып, ұғына білуді мақсат етеді.

            Тәжірбиелік жұмыс педагогтардан үлкен жауапкершілікті күтеді. Педагогтар көп ізденіп, жоспар құрып сол жоспарды іске асыру барысында жаңашыл әдіс тәсілдерді қолданып білім мазмұнын жаңартуға ат салысты.

            2015 жылдың 18 қарашасында қалалық білім бөлімінің жоспарына сәйкес МКҚК №106 «Ердәулет» бөбекжай балабақшасында«Мектеп жасына дейінгі баланың құзыреттілігін қалыптастыруда жаңашыл тиімді әдіс - тәсілдерді қолдану» тақырыбында  қалалық семинар өте жақсы деңгейде өтілді.

         Семинарға қалалық білім бөлімінің бастығының орынбасары- Тлеукеева Э.Е. Ғылыми әдістемелік орталығының директоры - Сағындықова К.А Ғылыми әдістемілік орталығының әдіскері - Утемисова С.Б.  Кәсіподақ ұйымының мүшесі - Жузімбаев Б. Кәсіподақ газеті мен Оңтүстік Рабат газетінің тілшілері, жергілікті  «Отырар» телеарнасы шақырылды, қаламыздың балабақша меңгерушілері мен әдіскерлері және педагог психолог пен тәрбиешілері қатысты.

Келешекте М.Монтессори педагогикасы орталығы соңымен қатар Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Салауатты Қазақстан» бағдарламасы аясында «Денсаулық» орталығын құруды мақсат етіп отырмыз.
Балабақшаның жобалық қуаттылығы230 адам

Балабақшаның нақты жүктемесі: 327 адам

Балалар тобының саны: 12
Топ
Тәрбие беру тілі
Балалар саны
Бос орындар
2-3
Балапан
Қазақ
27
0
3-4
Балбөбек
Қазақ
24
0
Бүлдіршін
Қазақ
28
7
4-5
Балдәурен
Қазақ
26
4
Балдырған
Қазақ
29
6
Балауса
Қазақ
27
0
5-6
Ертарғын
Қазақ
25
0
Ертөстік
Қазақ
27
0
Құлагер
Орыс
25
8
Мұрагер
Орыс
26
9
Тайбурыл
Қазақ
28
0
Толағай
Қазақ
25
10