№40 "Нұрлан"

Балабақшаның сипаттамасы,ондағы бос орындар мен кезек көлемі туралы ақпаратпен танысыңыз.Осы балабақшадан орын алу үшін кезекке тұруға өтініш беріңіз.
Фото садика
Фото 0
Фото 1
Фото 2
Фото 3
Фото 4
Фото 5
Фото 6
Фото 7
Фото 8
Фото 9
Атауы:

№40 "Нұрлан"

Тәрбие беру тілі:
Қазақ, Орыс
Тип:
Мемлекеттік
Базалық құны,айына:
2-ден 3 жасқа дейін күніне - 331,06 тг, 3-тен 7 жасқа дейін күніне - 398,78 тг
Жұмыс тәртібі:
8:00 - 18:30
Кезекші топ:
Болмайды
Қосымша жабдықтау:
Жаздық бассейн Қазіргі заманғы қауіпсіздік жүйесі
Телефон:
+7 (7252) 20-10-47
Web-сайт:
-
Мекен-жай:
Шымкент қаласы, "Күншығыс" м/а, 41а
Бос орындар
Жас ерекшелігі бойынша топтар
2 жастан 3 жасқа дейін
бос орындар: 5
- оның ішінде Қазақ: 5
- оның ішінде Орыс: 0

кезекте: 0
- оның ішінде Кезектегілер: 0
- оның ішінде Жеңілдік алатындар: 0

жинақтауышта: 201
- оның ішінде жолдама мерзімін өткізіп жібергендер: 7
- оның ішінде қабылдануға жасы жетпегендер: 194

Жас ерекшелігі бойынша топтар
3 жастан 4 жасқа дейін
бос орындар: 15
- оның ішінде Қазақ: 15
- оның ішінде Орыс: 0

кезекте: 0
- оның ішінде Кезектегілер: 0
- оның ішінде Жеңілдік алатындар: 0

жинақтауышта: 0
- оның ішінде жолдама мерзімін өткізіп жібергендер: 0
- оның ішінде қабылдануға жасы жетпегендер: 0

Жас ерекшелігі бойынша топтар
4 жастан 5 жасқа дейін
бос орындар: 23
- оның ішінде Қазақ: 16
- оның ішінде Орыс: 7

кезекте: 0
- оның ішінде Кезектегілер: 0
- оның ішінде Жеңілдік алатындар: 0

жинақтауышта: 45
- оның ішінде жолдама мерзімін өткізіп жібергендер: 1
- оның ішінде қабылдануға жасы жетпегендер: 44

Жас ерекшелігі бойынша топтар
5 жастан 6 жасқа дейін
бос орындар: 40
- оның ішінде Қазақ: 23
- оның ішінде Орыс: 17

кезекте: 0
- оның ішінде Кезектегілер: 0
- оның ішінде Жеңілдік алатындар: 0

жинақтауышта: 0
- оның ішінде жолдама мерзімін өткізіп жібергендер: 0
- оның ішінде қабылдануға жасы жетпегендер: 0

  • Басшының өтініші
  • Балалар тобы
  • Оқу бағдарламасы
Алия Ешимкуловна Жаркынбекова
қызмет:
Меңгеруші
жасы:
50 жыл
санаты:
Жоғары
мектепке дейінгі тәрбие бойынша жалпы еңбек өтілі:
32 жыл
басшының жалпы еңбек өтілі:
3 жыл

№40 «Нұрлан» бөбекжай-балабақшасы мемлекеттік қазыналық кәсіпорны  Шымкент қаласы, «Күншығыс»  мөлтек ауданы, 41а үйінде орналасқан. 1984 жылы іске қосылған. Ғимарат  типтік 12 топқа арналған. Электр, жылу ,су, кәріз жүйелерімен орталықтандырылған. Бөбекжай-балабақшасының педагогикалық ұжымы Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Балалардың құқығын қорғау туралы», мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға бірдей білім берудің стандарты, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізгі ережелері және жылдық жоспарға сәйкес әзірленген оқу жоспарларын негізге алып  жұмыс жасайды. 

      Әр топтың қабылдау, оқу-тәрбие үрдісі өтетін және жатын бөлмелері бар. Аулада әр топқа арналған  ойын алаңдарымен қамтамасыз етілген. Жалпы, балабақшада бүлдіршіндердің үнемі дені сау, шынығып, шымыр болуларына, жан-жақты дамуына барлық жағдайлар жасалған. Топтары таза, кең, жарық, ойыншықтары мол. Балаларға арналған белсенділік орталықтар ұйымдастырылған, олар толығымен жабдықталған. Табиғат бұрыштарында бөлме гүлдері, жас ерекшеліктеріне сай тоты құстар мен балықтар бала қуанышына айналған.

         Біздің балабақшада мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеу мен оқыту саласында заман талабына  сай, уақыт сұранысын қанағаттандыратын жаңа бағдарламалармен, технологиялармен қамтамасыз етілген.    

      Балабақша  тәрбиешілері  барлығы дерлік жоғары біліміді. Олардың ішінде 10 тәрбиеші жоғары санатқа, 14 тәрбиеші– бірінші санатқа ие.  Сонымен қатар балабақшада  ағылшын тілі, орыс тілі және қазақ тілі пән мұғалімдері  еңбек етеді. 2016 жылдың  қаңтар айынан бастап  логопедтік  бекет ашылды.  Бұл мамандар өз жұмыстарын жетік меңгерген қызметкерлер және балалармен күнделікті бірігіп жұмыс атқаруда. Балалармен жұмыс жүргізуде әр түрлі инновациялық технологиялар қолданады.  Мысалы , Монтессори элементтері, ТРИЗ технологиясы,  балаларды шынықтыруда дәстүрлі емес әдіс-тәсілдер қолданылады.

 

     Балабақшада балалар үш мезгіл тамақпен қамтамасыз етілген. Жыл бойы балаларға  жеміс-жидектер және сүт өнімдері беріледі. Біздің балабақшада өткізілетін кез-келген іс-шаралар ата-аналардың қатысуымен жүзеге асады. Мектеп жасына дейінгі балалар өздерінің іс-әрекеттеріне ата-аналарының қатысқанын ұнатады. Ойын − баланың еңбегі, сондықтан өз еңбегінің жемісіне ата-аналарының қатысып, бірге бөліскені бала үшін үлкен қуаныш.

      Біз ата-аналармен бірге балаларды адамгершілікке, мейірімділікке, Отан сүйгіштікке тәрбиелейміз.

Біздің балабақшаға қош келдіңіздер!

 


Балабақшаның жобалық қуаттылығы280 адам

Балабақшаның нақты жүктемесі: 346 адам

Балалар тобының саны: 12
Топ
Тәрбие беру тілі
Балалар саны
Бос орындар
2-3
І кіші топ «Балауса»
Қазақ
29
1
І кіші топ «Қарлығаш»
Қазақ
34
1
І кіші топ «Аққу»
Қазақ
32
3
3-4
ІІ кіші топ «Қошақан»
Қазақ
32
8
ІІ кіші топ «Ботақан»
Қазақ
33
7
4-5
Ортаңғы топ «Қызғалдақ»
Қазақ
35
5
Ортаңғы топ «Көгершін»
Қазақ
29
11
Ортаңғы топ «Балапан»
Орыс
32
7
5-6
Мектепалды даярлық топ«Жұлдыз»
Орыс
31
9
Мектепалды даярлық топ «Гүлдер»
Қазақ
28
12
Мектепалды даярлық топ «Бәйшешек»
Қазақ
29
11
Мектепалды даярлық топ «Күншуақ»
Орыс
32
8
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ ГККП №40 «Нұрлан» бөбекжай-балабақшасы жұмысында мынадай бағдарламалар қолданылады: • Балабақша жағдайында мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу, оқыту және дамыту бағдарламасы • Балабақшадағы тәрбие мен білім берудің типтік бағдарламасы • Вариативтік бағдарлама мектеп жасына дейінгі балаларға дене тәрбиесі бойынша • Қазақ тілін үйренеміз • Орыс тілінде жұмыс істейтін балабақшаға арналған «Қазақ тілі бағдарламысы» • Балабақшада балаларды дамыту және тәрбиелеу бағдарламасының элементтері • Мектепке дейінгі топтар үшін сауат ашу, математика, құрастыру, сурет салу бойынша оқыту құралдары қолданылады (Алматы, «Аруна» 2002ж) • Мектеп жасына дейінгі балаларды Қазақстанмен таныстыру. (Г.А. Карбушева. Алматы, Мектеп, 1984жыл) • Мектепке дейінгі тәрбиеде экологиялық тәрбие бағдарламасының элементтерін қолдану ( С.Н. Николаева, Москва,1993жыл) қолданылатын жаңа әдістер мен технологиялар: - ТРИЗ және РТВ элементтері; - В.А. Грек тәсілі бойынша сурет салуға үйретудің әдістемелері; - «Текше бойынша оқуға үйрету» Н.А. Зайцев әдістемесі бойынша мектепалды топ балаларын сауат ашуға үйрету.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы
1. Бағдарламаның мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктері мен жеке мүмкіндіктеріне сәйкес білім, білік, дағдыларын, рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық идеясына негізделген жалпыадамзаттық құндылықтарға, ұлтжандылыққа және толеранттылыққа тәрбиелеу, сондай-ақ баланың мектепте оқуға әлеуметтік-психологиялық, тұлғалық, ерік-жігерлік, физикалық және зияткерлік даярлығы. 2. Бағдарламаның міндеттері: баланың өмірін қорғауды және денсаулығын нығайтуды қамтамасыз ететін заттық-кеңістіктік дамытушы орта құру, мектепке дейінгі білім берудің сабақтастығы мен үздіксіздігі ұстанымдарын қамтамасыз ету, балалардың дене, зияткерлік, коммуникативтік, адамгершілік, эстетикалық дамуына бағытталған білім беру салаларын кіріктіру, әр жас тобында бағдарлама материалының мазмұнын игеруде балалардың дамуы мониторингін ұйымдастыру, мектепке дейінгі ұйым мен отбасының бірлескен ынтымақтастығы, мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде ата-аналар қауымдастығының қажеттілігін қанағаттандыру