№74 "Айдана"

Балабақшаның сипаттамасы,ондағы бос орындар мен кезек көлемі туралы ақпаратпен танысыңыз.Осы балабақшадан орын алу үшін кезекке тұруға өтініш беріңіз.
Фото садика
Фото 0
Фото 1
Фото 2
Фото 3
Фото 4
Фото 5
Фото 6
Фото 7
Фото 8
Фото 9
Атауы:

№74 "Айдана"

Тәрбие беру тілі:
Қазақ, Орыс
Тип:
Мемлекеттік
Базалық құны,айына:
2-ден 3 жасқа дейін күніне - 331,06 тг, 3-тен 7 жасқа дейін күніне - 398,78 тг
Жұмыс тәртібі:
08.00 - 18.30
Кезекші топ:
Болмайды
Қосымша жабдықтау:
Жазғы бассейн, табиғат бұрышы, бейне бақылау, балық, құммен ойнайтын жазғы алаң. Ғимараты: қазіргі заманғы қауіпсіздік жүйесі.
Телефон:
+77252 35-36-32
Web-сайт:
74_Aydana@mail.ru
Мекен-жай:
Шымкент қаласы, 3 мөлтек ауданы, 41 үй
Бос орындар
Жас ерекшелігі бойынша топтар
2 жастан 3 жасқа дейін
бос орындар: 6
- оның ішінде Қазақ: 6
- оның ішінде Орыс: 0

кезекте: 0
- оның ішінде Кезектегілер: 0
- оның ішінде Жеңілдік алатындар: 0

жинақтауышта: 85
- оның ішінде жолдама мерзімін өткізіп жібергендер: 2
- оның ішінде қабылдануға жасы жетпегендер: 83

Жас ерекшелігі бойынша топтар
3 жастан 4 жасқа дейін
бос орындар: 7
- оның ішінде Қазақ: 7
- оның ішінде Орыс: 0

кезекте: 0
- оның ішінде Кезектегілер: 0
- оның ішінде Жеңілдік алатындар: 0

жинақтауышта: 5
- оның ішінде жолдама мерзімін өткізіп жібергендер: 1
- оның ішінде қабылдануға жасы жетпегендер: 4

Жас ерекшелігі бойынша топтар
4 жастан 5 жасқа дейін
бос орындар: 7
- оның ішінде Қазақ: 2
- оның ішінде Орыс: 5

кезекте: 0
- оның ішінде Кезектегілер: 0
- оның ішінде Жеңілдік алатындар: 0

жинақтауышта: 5
- оның ішінде жолдама мерзімін өткізіп жібергендер: 0
- оның ішінде қабылдануға жасы жетпегендер: 5

Жас ерекшелігі бойынша топтар
5 жастан 6 жасқа дейін
бос орындар: 28
- оның ішінде Қазақ: 14
- оның ішінде Орыс: 14

кезекте: 0
- оның ішінде Кезектегілер: 0
- оның ішінде Жеңілдік алатындар: 0

жинақтауышта: 0
- оның ішінде жолдама мерзімін өткізіп жібергендер: 0
- оның ішінде қабылдануға жасы жетпегендер: 0

  • Басшының өтініші
  • Балалар тобы
  • Оқу бағдарламасы
Кзылгул Сейдакбаровна Кулбаева
қызмет:
меңгеруші
жасы:
46 жыл
санаты:
жоғары
мектепке дейінгі тәрбие бойынша жалпы еңбек өтілі:
28 жыл
басшының жалпы еңбек өтілі:
3 жыл

Балабақша – бұл  баланың тәрбиесі мен дамуындағы алғашқы қадам. Балабақшада бала қоршаған ортамен танысып, балалармен дос бола білуге үйренеді.

Біздің балабақша Шымкент қаласының экологиялық таза аймағында 1981 жылы ашылды.

Оқу-тәрбие үрдісі «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мелекеттік жалпыға міндетті стандарты», «Мектепке дейінгі оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы» талаптарына сай ұйымдастырылған.

МДҰ қызметі  мектепке дейінгі білім берудің негізгі мақсаты:  мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктері мен жеке мүмкіндіктеріне сәйкес білім, білік, дағдыларын, рухани адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру. Баланың өмірін қорғауға және денсаулығын нығайтуға, зияткерлік, тұлғалық,    дамуына, отбасында бала тәрбиесіне көмектесуді жүзеге асыруға бағытталған.

 «Айдана» балабақшасының ұжымы білікті педагогтар мен тәрбиешілерден, аспаз және медицина қызметкерлерінен құралған. Тәрбиеленушілердің мемлекеттік білім беру стандарты талаптарына сай  білім деңгейін қалыптастыруға жағдай жасылып,  оқу-тәрбие іс - тәжірибесі жинақталған. Тәрбиешілер әр балаға тұлға ретінде көңіл бөліп, жеке жұмыс жүргізеді.

Оқу тәрбие үрдісі барысында әртүрлі заманауи және дәстүрлі әдіс-тәсілдер, соның ішінде «Тәй-тәй», ТРИЗ әдістері қолданылады. Балалар балабақшада мектепке дайындалып, орыс, ағылшын тілдерін үйреніп, сапалы білім алады. Балабақшада  балалардың шығармашылық, ерік-жігерлік және зияткерлік  қабілеттерін дамытуға бағытталған әр түрлі ойын түрінде өтетін, қызықты,  дамытушы оқу іс-әрекеттерінің сан алуан түрі ұйымдастырылады.

Әдістемелік кабинетте оқу бағдарламасына сай әдістемелік әдебиеттер, оқу-тәрбие іс-тәжірибелері жинақталған.

Балабақашада ҚР МДТмОМЖМС талабына сай білім деңгейін қамтамасыз етуге қажетті база жасақталған. Барлық топтар білім беру құралдарымен: интерактивті тақта, DVD, теледидармен   қамтамасыз етілген. Оқу үрдісін ұйымдастыру үшін хореография, спорт залы керекті құралдармен, музыка залы проектормен жабдықталған.

Оқу – тәрбие жұмысының нәтижесі  баланың мектепке сапалы дайындығы болып табылады. №50 ЖОМ мұғалімдерініңнің пікірінше, біздің тәрбиеленушілеріміз жоғарғы даму деңгейін көрсетіп, мектепке оңай бейімделеді.

            Оқу-іс әрекеттерінен басқа мерекелік ертеңгіліктер, спорттық және ойын-сауық іс-шаралар өткізіледі.

Баланың дұрыс өсуі мен дамуы үшін күніне 3 рет тамақтану ұйымдастырылған.

Балалабақшада педагог-психолог қызметі көрсетіледі. Педагог-психолог жұмысы негізгі 3 бағыт: балалармен, қызметкерлер және ата-аналармен жұмыс жүргізуге бағытталған.

Балабақшаның жобалық қуаттылығы280 адам

Балабақшаның нақты жүктемесі: 413 адам

Балалар тобының саны: 13
Топ
Тәрбие беру тілі
Балалар саны
Бос орындар
2-3
І-младшая группа "Ә" "Балдырған"
Қазақ
38
1
І-младшая группа "Б" "Айгөлек"
Қазақ
37
3
І-младшая группа "А" "Балбөбек"
Қазақ
23
2
3-4
ІІ-младшая группа "А" "Балапан"
Қазақ
35
5
ІІ-младшая группа "Ә" "Жұлдыз"
Қазақ
38
2
4-5
Средняя группа " А" "Балауса"
Қазақ
33
2
Средняя группа " Б" "Солнышко"
Орыс
30
4
Средняя группа " В" "Тюльпан"
Орыс
29
1
5-6
Старшая группа "А" "Береза"
Орыс
25
3
Старшая группа "Ә" "Балдаурен"
Қазақ
20
9
Старшая группа "Б" "Шұғыла
Қазақ
21
5
Старшая "В" "Байтерек"
Орыс
27
8
Старшая группа "Г" "Радуга"
Орыс
22
3
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУДЫҢ ҮЛГІЛІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
1. Бағдарлама "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5 және 14 баптарына, Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес әзірленді. 2. Бағдарламаның мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктері мен жеке мүмкіндіктеріне сәйкес білім, білік, дағдыларын, рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық идеясына негізделген жалпыадамзаттық құндылықтарға, ұлтжандылыққа және толеранттылыққа тәрбиелеу, сондай-ақ баланың мектепте оқуға әлеуметтік-психологиялық, тұлғалық, ерік-жігерлік, физикалық және зияткерлік даярлығы. 3. Бағдарламаның міндеттері: баланың өмірін қорғауды және денсаулығын нығайтуды қамтамасыз ететін заттық-кеңістіктік дамытушы орта құру, мектепке дейінгі білім берудің сабақтастығы мен үздіксіздігі ұстанымдарын қамтамасыз ету, балалардың дене, зияткерлік, коммуникативтік, адамгершілік, эстетикалық дамуына бағытталған білім беру салаларын кіріктіру, әр жас тобында бағдарлама материалының мазмұнын игеруде балалардың дамуы мониторингін ұйымдастыру, мектепке дейінгі ұйым мен отбасының бірлескен ынтымақтастығы, мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде ата-аналар қауымдастығының қажеттілігін қанағаттандыру. 4. Бағдарлама баланың коммуникативтік дағдыларының қалыптасуына, танымдық және әлеуметтік мотивтерінің көрінуіне, қызығушылығы мен білім алуға деген құштарлығының дамуына ықпал етеді. 5. Әр саладағы күтілетін нәтижелер сабақтардағы оқу мақсаттарының жүйесі арқылы беріледі. 6. Бағдарламаның мазмұны балалардың дене және психологиялық дамуының келесі жас кезеңдерін қамтиды: Бөбек жасы – 1 жастан 3 жасқа дейін: ерте жас – 1 жастан 2 жасқа дейін (ерте жастағы топ); кіші жас – 2 жастан 3 жасқа дейін (бірінші кіші топ); Мектепке дейінгі жас – 3 жастан 6(7) жасқа дейін: мектепке дейінгі кіші жас – 3 жастан 4 жасқа дейін (екінші кіші топ); мектепке дейінгі орта жас – 4 жастан 5 жасқа дейін (ортаңғы топ); мектепке дейінгі естияр жас – 5 жастан 6 (7) жасқа дейін (5 жастан 6 жасқа дейін – мектепке дейінгі ұйымдағы ересектер тобы, 6 жастан 7 жасқа дейін – жалпы білім беретін мектептегі, лицейдегі, гимназиядағы мектепалды даярлық сыныбы).